Қоғам белсендісі Айнұр Жүгінісова сынның астында қалды. Ол келіндер туралы пікірін айтып, елге жақпай қалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы ол «Мамский әңгіме» подкастында айтты.
«Қыз баланың сіңуі деген бар. Біз оны да келісіп аламыз. Біз келінімнің төркінінен алыс тұрамыз. Мүмкін, төркіні Астанада тұрса, барып та келер еді. Қорқынышты ештеңе жоқ. Бірақ, қыз баланың сіңіп кетуі деген бар. Қазір бізде ажырасу неден болып жатыр? Бүгін түседі де, ертең қызым қалайсың деп хабарласады. Ол дұрыс емес. Сен қызыңды бердің, өз үйін тапты деп қуанып отырсың ғой. Қазақта аурудың ғана халін сұрайды. Кеткен адамның жағдайын сұрамайды. Ол өз үйін тапты. Сен қайта қуанып, жүрегің жайланып отыруың керек. Өзің артыңа қарама деп шығарып салдың. Өзің тағы өз сөзіңе қарсы шығып отырсың. Қыз баланы сәукелесін кигізіп, өлген адам ұқстатып, оң жағынан шығарып салады. Тапсырдың, болды жібердің. Үш күннен кейін чемоданын сүйреп келгенге қарағанда, қыздың жиенмен, күйеуімен келгенде абыройлы емес пе?!», — дейді ол.