Мемлекетке қайтарылған "Сарыарқа" хоккей клубы ағайынды Нұрлан, Ерлан және Арғын Нығматулиндермен байланысты болып шықты, деп хабарлайды Alash.KZ.
"Сарыарқа" Қарағанды хоккей клубы Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғынмен байланысты деп жазды Nege.kz порталы.
Арғын Нығматулинді клубтың негізін қалаушы деп атайды. "2018 жылы директор қызметінен кеткеннен кейін ол клубтың "тұрақты" тәлімгері және кеңесшісі болып қала берді", - делінген хабарламада.
Арғын Нығматулин - ағайынды Нұрлан мен Ерлан Нығматулиндердің үлкен ағасы, Қарағанды облысы мәслихатының бұрынғы депутаты болған экс шенеунік.