Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ

10:20, 19 мамыр 2025 841

Өткен аптада Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпаратты Айдос Үкібай жоққа шығарған болатын, алайда кейбір БАҚ өкілдері бұған сенімді. 

Айталық, Orda.kz порталы Сара Алпысқызын Қаскелең маңындағы Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің зиратына жерленген болуы мүмкін екенін жазды, деп мәлімдейді Alash.KZ.

Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды, деп жазыпты Qaz365.KZ. 

Orda.kz тілшілері оқиға орнына барып, ешқандай жазуы жоқ, белгісіз қабірді көрген. Жаңа зират марқұм Болат Назарбаевтың қабірінің дәл жанында орналасқан.

Бұл – Қазақстанның экс-президентінің жары өмірден озды деген болжамды растай түседі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар