Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сәпиевпен болған жанжалдан кейін…»: Қарағанды облыстық спорт басқармасында ауыс-түйіс болды

09:58, 27 сәуір 2026

Қарағанды облысының спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының тізгінін Нүркен Нұратов ұстады. Туризм және спорт министрлігі арнайы комиссияның оң қорытындысынан кейін оның кандидатурасын ресми түрде бекітті. Бұған дейін аталған лауазымды олимпиада чемпионы Серік Сәпиев атқарған болатын. Жаңа басшыны тағайындау туралы шешім үміткердің басқарушылық тәжірибесі мен біліктілігін ескере отырып қабылданды.

Жаңа қызметке келген Нүркен Нұратов - спорт саласында айтарлықтай еңбек жолынан өткен маман. Ол осы тағайындауға дейін Алматы облысының Олимпиадалық резерв даярлау орталығының директоры ретінде нәтижелі жұмыс көрсетіп, өзін білікті ұйымдастырушы ретінде танытты. Ендігі кезекте оған өңірдегі бұқаралық спортты жандандыру және спорттық нысандардың сапасын арттыру секілді маңызды міндеттер жүктеліп отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар