Париж олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай алған медалінің сапасы туралы баяндады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Ол бұл туралы Алматыда өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистердің қойған сұрағына жауап ретінде айтты.
Басында медаль алмай тұрғанда, басқа спортшылардың шағымын көрген болатынмын. Кейін қолға алғаннан кейін, шыны керек, сапасы нашар болды. Сырты аздап кетіп жатыр. Негізі медаль әдемі. Бокста жүргеніме қанша жыл болды. 16 жылда алған медальдарымның ішіндегі ең ерекшесі, әдемісі деп айтар едім, - деді Олимпиаданың қола жүлдегері Назым Қызайбай.