Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Саналы қадам, үлкен жауапкершілік! Шынайы өзгеріс…”: Аша Матай мәлімдеме жасады

16:09, 13 шілде 2026

Әнші әрі тележүргізуші Аша Матай Қазақстан Халық партиясы атынан Құрылтай депутаттығына үміткер ретінде тіркелді, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесі желідегі парақшасында жазба жариялап, саясатқа келудегі басты мақсаты туралы айтты.

“Қазақстан Халық партиясының съезіне қатыстым.

Бұл мен үшін жай ғана формальді қатысу емес. Бұл - саналы түрде жасалған қадам әрі маңызды кезең. Мен Құрылтай депутаттығына үміткерлер тізіміне ендім. Бұл - мен үшін үлкен жауапкершілік.

Партияның ұстанатын қағидаттары - әлеуметтік әділдік, азаматтардың мүддесін қорғау және қоғаммен ашық диалог орнату - менің де өмірлік ұстанымдарыма жақын. Бұл құндылықтарды мен кәсіби қызметімде де, күнделікті өмірімде де басшылыққа аламын.

Медиа және шығармашылық саладағы маман ретінде өз тәжірибеммен әріптестеріммен бөлісуге, команданың әлеуетін күшейтуге және партияның коммуникациялық жұмысының дамуына өз үлесімді қосуға дайынмын. Сонымен қатар мен үшін тек тәжірибе бөлісу ғана емес, жаңа сын-қатерлерді қабылдап, үздіксіз білім алып, кәсіби тұрғыдан дамып отыру да маңызды.

Шынайы өзгерістерге тек жүйелі еңбек, адалдық және халықпен тікелей байланыс арқылы ғана қол жеткізуге болады деп сенемін. Ең бастысы - ел игілігі үшін аянбай еңбек ету”,- деп жазды Аша Матай.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар