Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Самұрық Қазынаның" экс-дректоры Әйтенов бұрынғы әйелінің үстінен арыз жазды

18:33, 15 шілде 2024 526

Астана полициясы Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы, "Самұрық Қазынаның" экс-дректоры Марат Әйтеновтің бұрынғы жұбайына қарсы қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.KZ Dalanews.kz сайтына сілтеп.

"Астана ПД-ға азамат Ә. атынан арыз түсті. Ол экс-әйелінің тарапынан дене жарақаттарын алғанына шағымданды. Аталған фактілерді тексеру үшін қылмыстық іс қозғалды, зақымданудың бар-жоғын және дәрежесін анықтау үшін қажетті сараптама тағайындалды, сондай-ақ барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіледі", - деп хабарлады Астана полиция департаменті.

Еске салайық, Марат Әйтеновке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол 5 тәулікке қамауға алынды.

"Сот отырысы барысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол бұрынғы жұбайы оның өтініші бойынша балаларын беруден бас тартып, олардың қолдарынан ұстап жібермегенін түсіндірді. Ол балаларды әкету үшін еденде отырған әйелдің аяқтарынан тартқан. Ол әдепсіз сөз айтпағанын, оны ұрмағанын атап өтті", - деді сотта.

Соттың мәліметінше, жәбірленуші бұрынғы күйеуі оны көшіру кезінде заңсыз жүріп, оған шабуыл жасап, денесіне зақым келтіргеніне шағымданған. Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазбамен, жәбірленушінің түсіндірмелерімен расталады.

"ӘҚБтК-нің 73 - бабының 1-бөлігінің санкциясы ескертуді немесе 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алуды көздейді.  Жоғарыда келтірілген мән-жайларды, сондай-ақ жұртшылыққа теріс әсер ететін және жеке адамның құқықтарына қол сұғатын жасалған іс-әрекеттің дәрежесі мен сипатын ескере отырып, құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған жаза тағайындалып, 5 тәулікке қамауға алынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ", - делінген ақпаратта.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?