Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Салтанаттың күйін кештім: Индира Елемес тұрмыстық зорлықтың құрбаны болған (ВИДЕО)

11:34, 08 тамыз 2024 1566

Танымал әнші Индира Елемес алғаш рет отбасына қатысты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Ernur.kz сайтына сілтеп.

«Әлеуметтік желідегі жеке парақшаларыма өнеріме емес, жеке өміріме қатысты сұрақтар көп келеді. Сондықтан бүгін алғаш рет бәрін айтып беремін деп шештім. Мен күйеуіммен танымал әнші болмай тұрып танысқанмын. Оның өнер адамдарына қолдау көрсететінін есітіп, біреу арқылы алдына бардым. Бірінші көргенде сұсты, ашуланшақ адам боп көрінді. Бірақ кейін, таныса келе аузында Алласы бар, күлімсіреп қалған адам екенін байқадым. Ол менің бейнебаянымды көрді. Бәрі солай тез басталып кетті. Сөз салу, сезімін білдіру, тіпті үйлену тойы да болған жоқ.

«Ақ көйлек кимедім, тойым болмады» деп арманда қалған адаммын. «Бұл менің тағдырым шығар» деп ойладым да, көзі жұмып, қолынан ұстап, артынан ере бердім. Ол менен 19 жасқа үлкен. Мен одан қамқоршы, арқасүйер азаматты көрдім. Себебі маған тойларда тиісетін, жасы үлкен кісілер мазамды алатын. Солардан қорған іздеп жүргенде жолдасым жолықты», - деп өткенін еске алды Индира Елемес.

Әнші күйеуінің екінші әйелі болғанын ашық айтты. Алайда енді онымен ажырасудың амалын таба алмай жүрген көрінеді.

«Мен оның бірінші әйелі барын білдім. Күйеуім одан рұқсат алды ма, алмады ма, білмеймін. Бірақ екеуміз некемізді қидырдық. Ол бірінші әйелімен заңды некеде емес. Жай ғана бірге тұрады. Екі ортада жүреді. Мен оған тағдырымды сеніп тапсырдым. «Сіз менің әкем де, ағам да, күйеуім де боласыз. Ешқашан ренжітпеңіз. Мен өнерден кетпеймін. Оған қарсы болмайсыз! Мен бәрін кешіре алам, бірақ бірінші әйеліңізден басқа біреуге барсаңыз, онда кешірім болмайды» деп шарт қойдым. Ол келісті. Бірақ қазіргі таңда ажырасам деп шештім. Себебі менің шартыма сол кезде келіскенімен, кейін бәрі керісінше болды. «Тойға шықпайсың, тек сахнада ән айтасың!» деді.

Мен оған тәуелді болып қалдым. Әр қадамымды аңдып отырады. Тіпті өзімнің күтіміме ақша таппай қалған жағдайға жеттім. Үйде отырып қалдым. «Инстаграм», «Фейсбук», «тикток», пошта, бәрінің паролін сұрап, өзіне алып қойды. Қазір бәрін өзгертіп тастаған. «Ажырасам» деп айттым оған. «Ажырасатын болсақ ажалың менен болады» деп келісімін бермей отыр. Осы сөзден қатты қорқамын. Марқұм Салтанаттың тағдырын қайталағым келмейді. Қазіргі тағдырым түйіні көп жіп сияқты, шеше алмай, маталып қалдым. Машинама аңдитын құрылғы қойып берген, телефоным толығымен тыңдалады. 24/7 соның қатаң бақылауында жүремін. Енді ары қарай шыдамым жетпейді, тұншығып барам», - деп ашынды Индира Елемес.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар