Мадина Сәдуақасова Сәкен Майғазиевке құда болуға дайындалып жүргенін айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
”Тойға жолдасым екеуміз баламызды ертіп келдік. Жай ғана емес… Тағы да жақсы танысып, біліссін дегендей… Сәкенде қыз бар, бізде ұл бар деп келгеніміз бар”,- деді Мадина Сәдуақасова.
Тілшінің “Тойды онлайн жасайсыздар ма?” деген сұрағына әнші:
”Бізге тағы да бір он жыл керек. Қыз да кішкентай, ұл да кішкентай. Одан зоры болады ау…”,- деп жауап берді.