Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Сахнаға гипспен шықты". Димаш Құдайбергеннің жарақаттанып қалғанына қатысты көрініс көрермендерді алаңдатты

13:26, 16 қазан 2024 209

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері алаңдап отыр. Әнші Алматыдағы АТР 250 сериялы теннис турнирінің ашылу салтанатында сөз сөйлеп, ән орындаған. Қалың көрермен Димаш қолының жарақаттанғанын байқаған, деп хабарлады Alash.kz ұлттық порталы ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

Алматыдағы кешке Димаш Құдайберген өзінің  «When I ‘ve Got You», «Weekend» сынды хиттерін шырқады. Ал қазақ тілінде «Ризамын тағдырға» әнін орындады.

Алайда, орындаушының оң қолындағы бандаж жанкүйерлердің назарына ілікті.  Әзірге Димаштың алған жарақат туралы ештеңе белгісіз: әншінің өзі бұл хақында тіс жарып айтпаған, оның әлеуметтік желідегі жазбаларында да бұл туралы түсініктеме берілмеген.

Жарақатына қарамастан, Димаш сахнада белсенді ән түрде ән шырқаған. Бұл өз жанкүйерлерінің таңданысын туғызды. Олар әртістің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіріп жатыр. Сонымен қатар, Димаштың кәсібилігі мен өз ісіне деген махаббатына таңдану үстінде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?