Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Сағынышқа берілдім. Әкемнің ізі сарғайған парақтарда қалғандай әсер қалдырды". Асанәлі Әшімовтің қызы Сағина Әшімованың жазбасы жұртты жылатты

18:31, 27 желтоқсан 2025

КСРО Халық әртісі, қазақ киносы мен театрының абызы Асанәлі Әшімовтің қызы Сағина Әшімова әкесіне қатысты жүрек тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

Оның айтуынша, ол әкесінен қалған естеліктерді қайта парақтап, архивте сақталған көне газеттерді қарап шыққан. Сол жылдары жарық көрген «Экспресс К», «Жас Алаш», «Алматы Ақшамы» басылымдарындағы мақалалар ерекше сағыныш сезімін оятқан.

«Өткен күндер көз алдыма келді. Әкемнің өмір жолы, оның ізі осы сарғайған парақтарда сақталып қалғандай әсер алдым. Естеліктерді ақтарып отырып, сағынышқа берілдім», – деп жазды Сағина Әшімова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар