Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сағын сындырғандай сөз айтқан сияқтымын…»: Ләйлә Сұлтанқызы ешкімге айтпаған естелігін бөлісті (ВИДЕО)

18:25, 09 сәуір 2026

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы 20 жыл бұрынғы Superstar.kz жобасы туралы естелігін айтты, деп жазады Alash.kz.

Ләйлә Сұлтанқызы қазылар алқасы ретінде жастарға көп сын айтқанын жасырмайды:

«Қатысушы көп болды. Көбі есімде қалмады. Сол кезде Ресей әншісі Зимфираның, Валенияның әндері танымал болды. Көптеген конкурсанттарға «басқа ән айта аласыз ба?» деп сұрайтын едік. Содан кейін көбі ойлап қалды-ау деймін, «Сол екі әншіні Ләйлә жек көреді» деп. Шын мәнінде, олай емес. Көп жастардың сағын сындырғандай сөз айтқан сияқтымын. «Өзіңді күшті әншімін деп тұрсың ба?», «Бұл ән саған жараспайды» дейтінмін. Қазір олай айта алмаймын».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар