Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдердің оқу жүктемесін бөлу тәртібіне қатысты өз ұстанымын білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Менің ұстанымым – сағат бөлу тек директордың немесе оның орынбасарының құзырында болмауы керек. Белгілі бір мұғалімдерге басымдық беріледі деген шағымдар көп түседі. Сондықтан сағат бөлу академиялық қағидаттарға негізделген әділ нормативтермен реттелуі тиіс»,–деді министр.
Оның айтуынша, мұғалім 5-сыныпты қабылдаса, сол сыныпты 11-сыныпқа дейін бір пән бойынша толық аяқтауы қажет. Бұл тәсіл арқылы ұстаздың білім беру сапасын нақты бағалауға болады.