Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Рымбаева, басыңа келсін!” деп еді, басыма келді: Әнші жан сырын ақтарды

10:39, 10 желтоқсан 2024 1464

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева немересі туралы айтып, желіде жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Alash.kz ozgeris.info сайтына сілтеме жасап. 

Роза Рымбаева бұл туралы белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына айтты.

Эстрада жұлдызы кезінде құрдастары немерелері туралы көп айта бергенде ашуланғанын жасырмады.

Алайда өз басына келген соң әнші оларды жақсы түсіне бастағанын жеткізді.

«Адам немерелі болғанда мейірімің екі есе көп болады екен. Одан кейін өзінің балаларың өсіп кеткеннен кейін кішкентай нәрестені сағынасың. Бұл деген екі есе жауапкершілік. Немереме де жақсы тәрбие, махаббат бергім келеді. Әже болғаннан кейін еркелеткім келеді. Сондай ерекше қасиет пайда болады екен. Бұрын құрдастарыма «Неге кешке дейін немерелеріңді айта бересіңдер. Сенің емес, балаңның баласы ғой» деуші едім. Сол кезде олар «Рымбаева басыңа келгенде түсінесің» деп жауап беретін. Тура сол басыма келді. Немереден тәтті бала жоқ екен», — деді өнер иесі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар