Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Риддерде жоғалған ер адам әпкесінің түсіне кіріп, денесінің қайда жатқаныны жайлы аян берген

12:26, 08 мамыр 2024 1294

Риддерде жоғалған ер адамның денесі табылды.Әпкесінің айтуынша, марқұм оның түсіне кіріп, аян берген, деп хабарлайды  Alash.KZ ұлттық порталы YK-news.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Риддердің 36 жастағы тұрғыны Рамиль Ғазизов былтыр желтоқсан айының соңында қаладан 50 шақырым жерде орналасқан учаскеге ақша табуға кетеді. Жұмысқа кеткен азамат із-түссіз жоғалады.

Әпкесінің айтуынша, ол орман ағаштары жиналатын жерде табыс табу үшін барған. Күзетші ретінде қызмет атқарған. Алайда із-түссіз жоғалған. Рамиль жатқан вагонның заттары жан-жаққа шашылып, әйнектер сынған.

Рамильдің әпкесі марқұмның денесі вагоннан, шамамен, жүз метр қашықтықтан табылғанын хабарлады.

– Бірнеше күн бұрын Рамиль менің түсіме кіріп, өзін қайдан таба алатынымды көрсетті. Мен сол айтқан шыршаға шықтым. Соның астынан жақын маңда денесі жатыр екен. Біз оны киімінен таныдық, бірақ әзірге сараптама қорытындысын күтеміз, - дейді әпкесі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар