Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Руслан Берденов: “Әскерге аман кеткен жігіттер үйлеріне мүгедек болып оралып жатыр"

21:07, 24 тамыз 2024 1037

Кәсіпкер, бүгінде Мәжіліс депутаты Руслан Берденов Қазақстан қарулы күштерінде болып жатқан жағдайды айыптап, сарбаздардың жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.KZ. ұлттық порталы.

Руслан Берденов әскерден ешкімнің сау оралмайтынын сынады: 

 “Әскерге аман кеткен жігіттер үйлеріне инвалид болып қайтып жатыр. Тірі қайтқандардың өзінде жарақат бар. Сау адам жоқ, деді ол.

Орайы келгенде айта кетейік, бүгін біз әскерден кейін денсаулығы нашарлаған сарбаз Ербаян Мұхтар жайлы жазған едік. 

Әскерге барып, жұмбақ жағдайға басы жарылып, кейін комаға түскен сарбаз Ербаян Мұхтардың еміне халық 140 млн теңге жылу жинап берді. Сарбаз қазір Астана іргесіндегі Қосшы қаласында өз үйінде жатыр. Анасы журналистерге ұлының жағдайын айтты. Оны тыңдаған көпшіліктің көзіне жас үйірілді.

Ербаян Мұхтардың анасы "Азаттық" радиосының журналистерімен тілдесіп, ұлының жағдайын баяндады:

Арманым… Арманым — осы Ербаяным он екі мүшесі сау болып, аяғына нық тұрып кетсе деймін. Бұрынғыдай ойнап-күліп, «мама» деп құшақтап, сүйсе… Дауысын да сағындым, шыны керек. Қатты сағындым. Күнде Алладан тілеймін, түнде жатарда да Ербаянға айтам, таңертең де айтқыздырам. «Ербаян, Аллаға шүкір» деші демсем, «Айттым» дейді ғой аузы жыбырлап, көзімен. «Ербаян, бүгін менің күнім деп айт» деп қайтала деймін. «Айттым» дейді көзбен. «Менде бәрі жақсы» деп айт деймін, «мен мықтымын деп айт» десем, айтады. «Сен тұрасың, Ербаян, тұрасың» десем, көзбен жауап береді. Бар арманым — осы, - деді анасы.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар