Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Рудныйдағы сұмдық: 51 жасар әйел 15 жасар қызды пышақтаған

10:10, 18 шілде 2025 223

Қостанай облысының Рудный қаласында 51 жастағы әйел 15 жастағы мектеп оқушысына пышақ жарақатын келтірді. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы хабарлайды.

Қыз бала ата-анасымен бірге маскүнем әжесін іздеп, бір танысының үйіне бас сұққан. Үй иесі бұны жақтырмай, шақырусыз қонақтарды қуып шыққан. Жанжалдың арты аулада жалғасып, егде жастағы әйел жасөспірімнің қарын тұсын пышақтап жіберген. 

Ауыр жарақат алған қызға жедел көмек көрсетіліп, ота жасалған. Қазіргі сәтте жәбірленуші Қостанай облыстық ауруханасы дәрігерлерінің қатаң бақылауында. 

Полиция күдіктіні тұтқындап, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар