Рудный мектептеріне шабуыл жасалатыны туралы жалған ақпарат таратқандар іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Рудный қалалық полиция департаментінен мәлім етті.
«Әлеуметтік желілерде мектептердің бірінде белгісіз адамдар қылмыс дайындап жатқандығы туралы жалған ақпарат таратылды. Бұл дерек полицияда тіркелген. Жарияланымның авторын анықтау бойынша тиісті іс-шаралар жүргізілуде», - делінген ПД ақпаратында.
Сонымен қатар, полиция азаматтардан арандатушылыққа берілмеуін, хабарламаның қайта бағытталуына жол бермеуін және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.