Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева сахнамен қоштасуы мүмкін. Бұл туралы әнші «Abai TV» телеарнасының «Сарасөз» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
50 жылдық есеп беру концертіне қызу дайындалып жатқан өнер иесі осы мерейтойлық концерттен кейін сахнамен қоштасуы мүмкін екенін айтты.
«50 жылдық есеп беру концертіме дайындалып жүрмін. Осы концерттен кейін, мүмкін, ресми түрде сахнамен қоштасармын. Ондай ой бар. Дегенмен, үлкен концерттерге шығуға әрқашан дайынмын», – деді Роза Рымбаева.