Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ринатты қолдамаған едім, дұрыс айтыпты»: Балғынбек Имашев алаяқтық туралы шындықты айтты (ВИДЕО)

18:54, 08 ақпан 2026

Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев еліміздегі алаяқтық туралы айтты, деп жазады Alash.kz.

Ақын Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында дінді жамылып, жұртты алдап, арбайтындар жайында баяндап берді.

«Қасында біраз жігіттер болды. Оқыған, тоқыған, білімді деген сияқты. Намаз оқып жүрген. Біразы Нұр-Мүбәракты бітірген деді. Біз дін деген кезде, «құдайдың жолында, намазхан» дегенге сеніп қаламыз ғой. Кезінде Ринат «80 пайызы алаяқтар» деген кезде, қарсы шығып, мұсылман жамағатты қорғаған едім. Дұрыс айтқан екен. Кейін қарасам, шынымен де, біз діннің тек қана сыртқы келбетін, сақалын, намазын, оразасын ғана алыппыз. Негізі, дін деген - аманат, адамның ақысын жемеу, алған қарызды қайтару, уәдеде тұру, алғаныңды орнына қою. Әрбір мұсылман малы, жаны - бір-біріне харам. Харам деген - жаман деген сөз емес, тыйым салынған, саған қол сұғуға рұқсат жоқ деген сөз. Харамның түбірінде «құрметті»деген сөз жатыр. Сол нәрселерге көңіл бөлмей, біз сыртқы келбетіне намаз оқиды ғой деп сеніп қала береміз».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар