Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ретімен көрсете бастаймын… Сағынышпен…»: Бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек жаңалығын айтты

09:38, 28 қыркүйек 2026

Бельгиялық отбасы асырап алған, 2023 жылы туған анасын іздеп Қазақстанға келген Жәнібек (Мурат) Савельев әлеуметтік желіде оқырмандарына үндеу жасап, саяхаттары мен өміріндегі соңғы жаңалықтарын бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Жас жігіт өзінің жазбасында соңғы уақытта белсенділік танытпағанының себебін түсіндіріп, оқырмандарына жылы лебізін білдірді.

«Сәлем, қымбатты отбасым! Сендерді күн сайын ойлаймын. Биыл жылдың жартысын өзіме арнауды шештім. Осы уақыт ішінде достарым мені бірге саяхаттауға шақырып, талай жаңа жерді көруге мүмкіндік туды. Өзім де осында шағын сапарларға шығып, көп әдемі сәттерді бастан өткердім. Енді сол сапарларымнан қалған естеліктермен сіздермен де бөліскім келеді. Алдағы жарияланымдарым мен стористерімнің көбі бірнеше ай бұрын түсірілген кадрлар болады. Сондықтан жыл басынан бастап, бәрін ретімен көрсете бастаймын. Қазақстанда жаз да аяқталды. Осылайша, алдағы апталарда менің саяхаттарыммен бірге сол жаздың жылуын сіздерге де аз да болса жеткізе алсам екен деп ойлаймын. Алдағы бірнеше аптада әлі талай қызықты дүниелер болады. Сіздерге ұнайды деп үміттенемін. Баршаңызға сағынышпен!», — деп жазды ол.

Еске сала кетейік, Жәнібек Савельев 2023 жылы өзін дүниеге әкелген туған анасын табу мақсатында Қазақстанға келіп, ел назарын аударған болатын, алайда оның биологиялық анасы әлі күнге дейін табыла қойған жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар