Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресейге салынған бірнеше санкция Қазақстанға да салына ма?

18:15, 18 маусым 2024 539

Еуропалық Одақтың Санкциялар жөніндегі халықаралық арнайы өкілі Дэвид О’ Салливан Қазақстан ЕО-ның қайталама санкцияларына ұшырамайтынын айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

«Еуропалық Одақ Қазақстанға санкцияларды енгізетін ойы жоқ. Бұндай қисық саясат бізде жоқ. АҚШ бөлек, біз бөлек. Олардың жеке жүйесі бар»,- деді Салливан.

Cалливан Еуро Одақтың Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындап жатқанын баяндады.

Ол Қазақстанға санкцияны айналып өту мәселесімен келгенін жеткізді. Айтуынша, қазір ЕО енгізген кедергілерді айналып өтудің түрлі жолдары мен мен схемасы пайда болған. ЕО өкілі осы мәселені Қазақстан билігімен талқылау үшін арнайы келген.

«Күн өткен сайын санкцияны айналып өту схемасы түрленіп, өзгеріп отырады. Санкциядан қашу үшін жаңа компаниялар құрылып жатады. Сондықтан біз жаңа тізімдер жасаймыз. Санкция бар кезде оны айналып өтудің жолдары да болады. Біздің мақсат – сол жолды қиындату әрі санкциядан қашу әрекеттерінің олар үшін қымбатқа түсуін қамтамасыз ету»,- деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар