Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресейге жаңа санкция салынды

14:07, 29 ақпан 2024 377

Жаңа Зеландия билігі Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялады.

«Санкциялар Жаңа Зеландияның Ресейдің Украинаға қарсы себепсіз және негізсіз соғысын қатаң айыптауын көрсетеді», - деді Сыртқы істер министрі Уинстон Питерс.

Барлығы 45 жеке және 16 заңды тұлға жазаға тартылды. Олардың ішінде ресейлік қорғаныс өнеркәсібі үшін технология сатып алатын фирмалар, сондай-ақ кейбір ресейлік банктердің басшылары бар.

Санкцияларға Солтүстік Корея қаруын сатып алуға қатысы бар адамдар да кірді. Сонымен қатар, Жаңа Зеландия ресейлік мұнайға баға шектеулерін белгіледі және бірқатар тауарларды үшінші елдер арқылы Ресей мен Беларуське экспорттауға тыйым салды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар