Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресейге салынған санкциялар саны Ираннан үш есе асып кетті

08:23, 22 ақпан 2024 361
Ресейдің Украинаға жасаған басқыншылық әрекетінен кейін, Ресейге қарсы салынған санкциялар саны Иранға қарсы шектеулерден үш есе асып кеткен. 

2022 жылға дейін әлемдегі ең көп санкцияға ұшыраған Иран мемлекеті болған. Бүгінде ондағы  компанияларға, жеке тұлғаларға және көліктерге қарсы 5011 санкция салынған. Ал, Ресейге қарсы шектеулер саны соңғы екі жылда 15 628 болған.  Кез келген күні шектеу қоюы мүмкін Еуро Одақ қазірдің өзінде 13-ші санкциялар пакетін әзірлеп жатқанын мәлімдеген. Сонымен, санкция саны 15 821-ге дейін артпақ, деп жазады РИА новости.

2022 жылдың 22 ақпанынан бері Ресейге қарсы ең көп санкцияны АҚШ енгізді – 3,5 мың, одан кейін Швейцария (2377) және Канада (2087) тұр. Ұлыбритания 1949 адамға, ал Еуропалық Одақ 1837 адамға шектеу енгізген. Жаңа Зеландия тағы 1620 шектеу шараларын енгізсе, ал көршілес Австралия 1254, Жапония 981 шектеу енгізген. Ақырында, Оңтүстік Корея мен Сингапур осы уақытқа дейін 15 және 5 адамға санкция салды.\

Фото: SWIFT
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар