Ресей басшысы Путин бүгін жыл сайынғы өткізетін конференциясында осындай мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.KZ.
Путин НАТО бас хатшысы Марк Рюттенің Ресеймен соғысқа дайындалу керектігі туралы үндеуіне қатысты осылай деп пікір білдірді.
Айтуынша, альянс басшысы ақылды адам, алайда кейде одан былай деп сұрағың келеді:
«Ресеймен соғыс туралы не айтып жүрсің? Оқи аласың ба өзі? НАТО-ның басты елі — АҚШ бізді жау деп санамайтын болса, сендер Ресеймен қалай соғыспақсыңдар?» - деді.