Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ресейлік "Орлан-10" моделіне ұқсайды". Бөкей ордасы аумағына дрон құлады

10:54, 20 ақпан 2025 390

18 ақпан түнде Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылдық округі маңынан бірнеше шақырым жерден "белгісіз аппарат" табылды, деп жазады Alash.KZ.

Жергілікті полиция Азаттыққа ақпаратты растап, тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

"Просто журналистика" арнасы жергілікті тұрғынға сүйене отырып, құлаған аппараттың суретін жариялады. Оның бұл аумаққа қалай түскені белгісіз.

Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумовтың сөзінше, дрон Қазақстанның әскерилеріне тапсырылған. Ауыл ресейлік Капустин Яр полигонына жақын жатыр.

Журналист, әскери сарапшы Амангелді Құрметұлы әлеуметтік желідегі парақшасында құлаған дрон ресейлік "Орлан-10" моделіне ұқсайды деп жазды.

Оның сөзінше, бірқатар ресейлік және жергілікті медиа аппарат француздық SAGEM компаниясы жасаған Crecerelle барлау дронына ұқсайды деп айтса да, ашық дереккөздерден құлаған аппаратқа ұқсайтын моделін таппаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар