Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ресей ұсынысты қолдайды" деген Путин мәлімдемесі соғыс тоқтайды деген сөз бе?

09:19, 14 наурыз 2025 577

Украинада атысты тоқтату туралы ұсынысқа бейсенбі күні алғаш рет пікір білдірген Ресей президенті Владимир Путин "Ресей ұсынысты қолдайды, бірақ "нюанстары бар" деді, деп жазады Alash.kz.

"Біз әскери қимылды тоқтату туралы ұсыныстармен келісеміз, бірақ ол ұзақ мерзімді бейбітшілікке әкелетін және дағдарыстың негізгі себептерін жоюға бағытталған ұсыныстар болуы керек" деді Путин.

Ол сонымен бірге Курск облысындағы украин әскері қоршауда қалғанын айтып, іс жүзінде олардың берілуін талап етті және үзіліс кезінде Украина әскеріне қару-жарақ жеткізу тыйылуы керек деді.

Путиннің пікіріне реакция білдірген АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысының сөзін "көп үміт сыйлайтын, бірақ толық емес" мәлімдеме деп атады.

Украина президенті Владимир Зеленский бейсенбі күні кешкі мәлімдемесінде Путиннің сөзін манипуляция деп атады. "Путин жиі осылай істейді - тіке "жоқ" деп айтпайды, бірақ бәрін созбалақтайды" деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар