Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ресей – Қазақстанның Құдай қосқан көршісі» - Тоқаев

08:59, 13 қараша 2025 90

«Ақорда» Telegram-арнасының мәліметінше, қабылдау кезінде Қазақстан президенті өз сөзінде тарихи тақырыптарға тоқталып, өткенге шолу жасады, деп жазады Alash.KZ.

– Қиын жылдарда біз бір-бірімізді қолдап, иық тіресіп қатар тұрдық. Бірге талай қиындықты жеңдік, бүгінде жадымызда сақтап, жүрегіміздің төрінде қастерлеп ұстайтын Ұлы Жеңіске бірлесіп жеттік. Ата-бабамыздан «Құдай қосқан көрші» деген сөз қалған. Ресей – Қазақстанның Құдай қосқан көршісі, – деді Қазақстан президенті.
Өз кезегінде Ресей президенті Владимир Путин де осы мазмұндас ой айтты.
 
Қазақстан – Ресейдің одақтасы, стратегиялық серіктесі және тату көршісі. Біз бұл елмен достыққа, өзара сенім мен құрметке негізделген көпжоспарлы және теңқұқылы қарым-қатынас құрып жатырмыз, - деді Путин. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар