Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресей мен Украина Жеңіс күніне орай уақытша бітімге келісті, алайда қақтығыстар жалғасты

Ресей мен Украина Жеңіс күніне орай уақытша бітімге келісті, алайда қақтығыстар жалғасты

Дүйсенбі күні Ресей Қорғаныс министрлігі 8–9 мамыр аралығында Жеңіс күніне байланысты уақытша бітім жариялағанын мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ.

Ал сейсенбіде Украина 6 мамырға қараған түні күшіне енуі тиіс атысты тоқтату режимін белгілеген.

Сол кезде Владимир Зеленский сәрсенбіден бастап Украина «айна-қатесіз жауап беретінін» айтқан еді.

6 мамыр күні Украина президентінің сөзінше, Ресей әскері әскери әрекеттерін жалғастырған. Осыған байланысты Зеленский «Ресей тарапы атысты тоқтату режимін бұзды» деп мәлімдеп, Украина бұған дейін ескерткендей «айна-қатесіз әрекет ететінін» айтты.

Ал Ресейдің мемлекеттік БАҚ-тары керісінше, жарияланған бітімнен кейін Ресей аумағындағы нысандарға соққы жасап, арандатушылыққа барып отырған Украинаның өзі деп хабарлады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 1
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар