Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресей мен Қытайдан қорқыныш бар: Трамп күтпеген мәлімдеме жасады

08:30, 17 шілде 2026

АҚШ президенті Дональд Трамп халыққа үндеу жасады, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Трамптың айтуынша, Қытай 2020 жылдан бері АҚШ-тағы сайлау туралы деректерге қол жеткізу мақсатында операция жүргізіп, 220 миллион америкалық сайлаушының ақпаратына қол жеткізген.

Ол сайлау инфрақұрылымының осал тұстарын көрсететін маңызды барлау материалдарының құпиясыздандырылатынын мәлімдеді. Президенттің сөзінше, АҚШ-тың сайлау жүйесіне төнетін негізгі қауіптер қатарында Ресей, Қытай, Иран, Солтүстік Корея және мемлекеттік емес топтар бар.

Дональд Трамп:

«Мен дауыс беру инфрақұрылымының алаңдатарлық осалдықтары туралы мәліметтер қамтылған аса маңызды барлау материалдарын дереу құпиясыздандыру туралы шешім қабылдадым. Бұл деректер біздің сайлау жүйеміздің бұрын-соңды болмаған деңгейде хакерлік шабуылдарға, теріс пайдалануға және шетелдік араласуға осал екенін көрсетеді», – деді.

Сонымен қатар Трамп Ұлттық барлау қызметіне, Әділет министрлігіне, Федералдық тергеу бюросына (ФБР) және Орталық барлау басқармасына (ЦРУ) маңызды ақпараттың қалай және не себепті жария болғанын жан-жақты тергеуді тапсырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар