Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ресей елшілігіне жеткізіледі" - Украинадағы соғысқа күштеп әкетілген қазақстандықтар туралы жағымды ақпарат тарады

14:04, 08 қазан 2026

Адвокат Мейірман Шекеев Украинадағы соғыста жүрген 14 қазақстандық бүгін Ресей елшілігіне жеткізілетінін мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ

“Өтінішіміз бойынша Ресейдегі балалардың мәселесі тікелей Қазақстан Президентінің бақылауына өтті. Бүгін алғашқы 14 бала Ресейдегі Қазақстан елшілігіне жеткізіледі”, – деп хабарлады адвокат.

Кеше Украинадағы соғысқа әкетілген жастардың ата-аналары ҚР СІМ ғимараты алдына жиналып, мұң-зарын айтқан еді. Балаларына сұрау салған ата-аналар Сыртқы істер министрлігі алдында журналистерге өз жағдайларын айтып берді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар