Ресейлік YAKA брендіне қатысты дау туындады, деп хабарлайды Alash.kz.
Әлеуметтік желілерде ресейлік YAKA брендіне қатысты дау туындады. Бұл бренд дәстүрлі қырғыз оюларын пайдаланып киім тігеді, алайда оның негізін қалаушы оны өз авторлық құқығы ретінде көрсеткен. Мұны әділетсіздік деп санаған қырғызстандықтар брендті мәдени мұраны ұрлады деп айыптады. Бұл туралы толығынақ Orda.kz сайты баяндады.
YAKA бренді 2023 жылы Ресей нарығында пайда болды. Оның негізін қалаған Анна Обыденова. Компания киім, аксессуарлар мен кілемдер шығарады, олардың барлығы қырғыз оюларымен безендірілген. Ресми сайттағы ақпаратқа сәйкес, бұл бренд Қырғыз Республикасының 100 жылдығына арналып, Орталық Азияның дәстүрлі оюларын заманауи трендтермен үйлестіруге бағытталған.
Алайда, редакциямыз брендтің 100 жылдықты қай оқиғамен байланыстырып отырғанын түсіне алмады. Егер Қырғыз Республикасының тәуелсіздігінен есептесек, 34 жыл ғана өтті. Бәлкім, олар брендті 1925 жылы құрылған Қырғыз автономиялық облысыныңмерейтойына арнаған шығар.
Бірақ 1926 жылы Қырғыз автономиялық облысы Қырғыз АКСР-іне айналды. Бұл мәліметтердің өзі бренд иесінің Қырғызстан тарихын терең зерттемегенінкөрсетеді.
Бренд 1,5 жыл бойы көпшілік назарына ілінбеді. Алайда, 2025 жылдың ақпанында қырғызстандық блогер Уулжан Бектурова бұл тақырыпқа назар аударды.
Ол өзінің блогында YAKA брендін мәдени мұраны ұрлады деп айыптап, былай деді:
“Бұл барып тұрған абсурд! Колонизатор қырғыз оюларын алып, оны сол колонизаторларға сатып, өз өнімін «жеке дара шығармашылық» деп атайды. Бұл кімнің шығармашылығы? Біздің мәдениетімізді тарихтан өшіруге тырысқандардың ба? Бұл – біздің мұрамызды ұрлап, оны этно-стиль ретінде сату ғана. Шын мәнінде, бұл өзгенің мұрасын иемденіп, оны бұрыннан өзінікі болғандай көрсету әдеті ғана.”
Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде бұл мәселе қызу талқылануда.