Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресей азаматтығын алып берген": Германияда өлі күйінде табылған экс-судья Сайлыбаеваның күйеуі мен қызы қайда?

09:34, 14 қазан 2024 278

Германияда өлі күйінде табылған экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі Александр Донцов қызымен бірге Ресейге көшіп кеткен, деп жазады Alash.KZ.

Донцовтың айтуынша, қызы екі апта ішінде Ресей азаматтығын алған. Сайлыбаева биыл жазда Германияда жоғалып кеткен, кейін оның денесі полиэтилен пакетке оралған күйде табылды.

Тергеушілер әйелдің кісі қолынан қаза тапқанын мәлімдеді. Қазір істі 35 маман тергеп жатыр. Донцов Ресейге оралып, Мәскеуде өмір сүргісі келгенін айтты.

Stankznews телеграм арнасының жазуынша, марқұм әйелдің күйеуі қызына азаматтық берілгенін растады, бірақ жоғалған әжесі Наталья Донцова туралы ақпарат бермеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?