Бүгін Мәскеуде Путиннің жыл сайынғы конференциясы өтіп жатыр, деп жазады Alash.KZ. 
Майдандағы ахуалға тоқталған Путин "барлық бағыт бойынша қарсылас жақ шегініп жатыр" деді, ал Ресей әскерінің алға жылжуы "кей жерде жылдам, кей жерде баяу жүріп жатыр" деді.
Оның сөзінше, ресейліктер Северск қаласын басып алған, ал ол жақтан Славянскіге жол ашылады. Путин сонымен бірге ресейліктер Константиновка мен Лиман қалаларының 50 пайыздан астамын бақылап отыр деді. Ол Запорожье облысындағы елді мекендер "бірінен кейін бірі азат етіліп" жатыр деді. Путин Харьков облысында Купянск қаласы да басып алынғанын айтты.
Украина жағы Путин айтқан қалалардың басып алынғанын растамаған. DeepState сараптамалық жобасының мәліметінше, Ресей әскері Донецк пен Запорожье облыстарында шынымен де алға жылжып келеді. Атап айтқанда Гуляйполе қаласында. Алайда бір мезетте Украина күштерінің Лиман мен Купянскіде қайта шабуылға шыққаны жөнінде хабар болған. Купянскіде жуырда Украина президенті Владимир Зеленский де болған еді.