Сахнадан алыстап кеткен әнші Сырым Исабаев Қайрат Нұртаспен арақатынасы туралы алғаш рет ашып айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
"Қайрат екеумізге айтылған әңгіменің бәрі жалған. "Ренжісіп қалыпты, ақшаға таласыпты" деген сөздердің бәрі өсек. Мен 10 жылға жуық өнерден кетсем де, өнердегі достарымды сақтап қалдым. Қайрат та жеке әнші болып танылды. Мен де ән айтып жүріп, Қайраттың анасының көзіне түсемін. Сондай кезде дуэт жазу идеясы ойға келеді. Бір жыл ішінде бірнеше ән жазып, бейнебаян түсірдік. Біздің дуэтімізге менің әкем демеуші, Қайраттың анасы продюсерлік етті. Жобаларымыздың бәрі халықтың көңілінен шықты. Қайраттың таланты керемет. Қанша жыл сахнада жүр, әлі де берері көп азамат. Қайратпен жұмыс істеу өте жеңіл болды", - деді өнер иесі "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында.