Әнші Төреғали Төреәлінің Ақтауда өткен жеке концерті кезінде орын алған күтпеген жағдай жұрт арасында қызу талқы тудырды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Өнер иесі терме орындап тұрған сәтте техникалық ақау пайда болып, дыбыс дұрыс шықпай қалған. Бұл жайтқа ренішін білдірген Төреғали домбырасын қойып, терме орындаудан бас тартқан.
«Болды, ренжіп қалдым. Жап-жақсы айтып келе жатыр едім, мыналар бәрін бұзды. Қазір концерттен кейін таяқ жейді», - деп әзіл-шыны аралас ренішін білдірді әнші.