Әнші Ерке Есмаханның күйеуі Raim туралы желіде түрлі қауесет тарады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Бұл туралы әнші Ерке өз инстаграм парақшасында жариялады.
"Бұл TikTok Ерке Есмахан өлді, иманды болсын деп жариялады. Баламды, Құдай сақтасын, шетінеді деп жариялады. Енді Райм көзге шөп салды деген шығып жатыр екен, не дейміз? Неге біздің жанұяға бірдеңе боп қалғанын қалайды екен олар?! Аллаға тапсырамыз, басқа амал жоқ. Жазасын берер. Бізде TikTok жоқ, бірақ достарымыз көрсетті. Қаралым, рекке шығу үшін бүлініп жүргендері-ау. Осы тұста айта кетейін. Райм аман-есен, ешқандай шөп салған жоқ. Мен кепіл", - деді әншінің өзі.