Жылқы ұрлады деп абақтыға түсіп, кейін рақымшылыққа ілінген Рахат Сәрсенов туралы тың ақпарат шықты, деп хабарлайды ALASH.KZ MadeniPortal.kz. сайтына сілтеме жасап.
Ол Руслан Өтепбайға сұхбат берген. Оның айтуынша, алпыс бас малдың жоқ екенін растайтын құжатқа қол қойған ветеринар расында не құжатқа қол қойғанын білмей қалған.
Өзінің айтуынша, ол бұл құжатқа емес, екпе салынған мал саны туралы құжатқа қол қойдым деп ойлаған. Орыс тілін түсінбегендіктен және малға екпе салуға барғаң соң, шын мәнінде қандай құжатқа қол қойғанын білмей қалған.
Айта кетейік, Тәжіғали Елеуовтің айтуынша, Рахат Сәрсенов ұзақ жылдар бойы қожалықта жұмыс істегенімен, оның арақ ішкеніне және бұған дейін бірнеше бас жылқының жоғалуына көз жұма қараған. Алайда соңғы оқиғадан кейін құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болғанын айтты.
Оның сөзінше, бұл іске бір ғана адам емес, қылмыстық топ қатысы бар. Тіпті олардың бірі сот үкімімен жазасын өтеп жатқан көрінеді. Сондай-ақ Елеуов әлеуметтік желіде тараған «Рахат Сәрсенов толық ақталды» деген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.
«Біреулер оны әлеуметтік желіде қаралым жинау үшін “байдан зәбір көрген қаһарман” ретінде көрсетіп отыр», – деді ол.