Күллі әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген халықаралық ұйым бастамаларын жиі қолдайды. Осы жолы Халықаралық миграция ұйымы атынан сөйлеген қазақтың мақтанышы дүниежүзі адамдарын қайырымдылық жасауға шақырды, деп хабарлайды Alash.kz Azattyq Rýhy порталына сілтеп.
«Биылғы Рамазанда қақтығыстар мен табиғи апаттар салдарынан баспанасынан айырылған миллиондаған отбасы қасиетті айды үйлерінен жырақта, тамақсыз, сусыз және панасыз өткізіп жатыр.
Сіздің қайырымдылығыңыз олар үшін өмірлік арқау бола алады. Шұғыл азық-түлік, таза су, баспана ұсынуға, тіпті балаларды Айт мерекесінде қуантатын сыйлықтармен қамтамасыз етуге көмектесе аласыз.
Осы Рамазан айын бірге өзгертейік! Себебі сіздің қолдауыңыз адам тағдырын өзгерте алады!» – деді Димаш.