Әлеуметтік желілерде күтпеген аккаунт пайда болып, көпшіліктің назарын бірден өзіне аударды. Онда өзін Рахат Әлиевтің қызы ретінде таныстырған қолданушы марқұм әкесінің суретін жариялап, жұртты елең еткізді, деп жазады Alash.kz.
Желі қолданушылары көп көзіне таңсық арудың Дариға Назарбаеваға қатысы жоқ екенін, Алиевтің басқа некесінен туған қызы екенін жарыса жазуда.
Juzmedia.kz мәлімдеуінше, бұл оқиға көпшілікке бұған дейін шықпаған Рахатқызының желідегі белсенділігі қоғамда жаңа толқулар тудырды.
Айта кету керек, Рахат Әлиев - Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы, кезінде жоғары лауазымды қызметтер атқарған дипломат және саясаткер. 2007 жылы оған банкирлерді ұрлау, бопсалау және қаржылық қылмыстар бойынша айып тағылып, елден кетуге мәжбүр болды. Кейін Австрияда ұсталып, 2015 жылы түрмеде жұмбақ жағдайда көз жұмды. Ресми нұсқада өз-өзіне қол салды делінсе де, бұл өлім қоғамдық пікірде көптеген күмән мен сұрақ туғызған даулы істердің бірі болды.