2024 жылы көп қабатты үйден құлап кетті делінген Ақнәр Хамиттің ісіне қатысты марқұмның анасы Гүлстан Хамит бар шындықты айтып, көпшіліктен әділдікті талап етті, деп жазады Alash.kz.
Бір жарым жыл өтсе де, ауыр қазамен аяқталған жас қыздың ісі созбалаңға салынып, әлі өз шешімін таппай келеді. Жәбірленушінің анасы “қызын қинап, физикалық қысым көрсетіп, артынша балконнан лақытырып жібергеніне” шүбәсіз айғақ пен құжат жинасам да, қызымның ескі құрбылары бостандықта жүр” деп қынжылады.
Мен қазір 30 құқық қорғау қызметкеріне доппын! Қалай болмасын, әділдікке жететін уақытым болды ғой!
Маған Дидар өзі айтты. Мен ол қыздарды аяғыммен іздеп барған жоқпын. Өйткені, осы оқиға болған кезде де, бұл қыздар жедел жәрдем келген кезде астыға түспеген. Иә, құрбысы болса түсуі керек қой. “Ойбай, не болып қалды!” деп. Ол жерде мысық ұшып кеткен жоқ. Күшік ұшып кеткен жоқ! Бағып жүрген мысығы құлап кетсе де, жүгіреді ғой. Ақнәр реанимацияда жатты. Өлім мен өмірдің ортасында. Ол кезде де олар барған жоқ. Жылап, еңіреп, “апай, осылай-осылай болды” деген жоқ. Оның үстіне адвокат шақырып алған. Ертесінде Ақнәрдің артын қазатын, қай жерде қандай оқиға болды, өзі көзі тірісінде ар-ұжданы ақтап кеткен істерді қайтадан қазып, сондай істермен айналысқан ғой қыздар.
Марқұмның анасы күдікті қыздардың Ақнәрдің рухына аза тұтудың орнына, оның басынан өткен келеңсіз істерді қазбалап, өздеріне қатысы жоқ оқиғаларды алға тартып жүргенін айтады.
Ол екі қыз оны да зерттеп, тауып алып, тергеуге береді. “Ақнәр - бұрыннан сондай. Бұрыннан өзі өлгісі келеді” деп айтады.
Тергеушілер оқиға болған орыннан еш нәрсе алмайды. Қызымның заттары жоғалады. Сынған тырнағы жоғалады. Бәріне ештеңе жасамайды. Екі қыздың айтуымен сол аппартаментке барып, жұмыстан шығып кеткен күзетшісін тауып алып, сол жерде болмаған, таңертең ғана жұмысына келген жауапты әйелді шақырып, содан сұрап “Ақнәрді өзін-өзі өлтірді” дегенге жұмыс жасады ғой. Мен бұл жерде ойлаймын. Құқық қорғау органдары қызметкері өзінің қызметінен кеткен, қылмыстық процесстік кодекстің заңнамаларын бұзған осы жағдайды жасыру үшін күні бүгінге дейін Ақнәрдан кір іздеп, екі қыздың көрсетуі бойынша жұмыс істеп келеді. Олар Ақнәрді жынды қылғысы келеді. “Психологиясында ақауы бар! Андай-мындай!” деген сияқты!