Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қызымды бір құдірет құтқарды: Ер адам тапа-тал түсте паркте жүрген қыз баланы зорламақ болған

11:51, 30 шілде 2026

Астанада саябақта қызға шабуыл жасаған 27 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Оқиға 29 шілде күні таңертең болған. Қыз жұмысқа бара жатқанда саябақ арқылы өтіп келе жатқан. Сол сәтте артынан бейтаныс ер адам шабуыл жасаған. Жәбірленушінің анасының айтуынша, күдікті қызға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасауға әрекеттенген.

Алайда бойжеткен сасқалақтамай, бар даусымен айқайлап, қарсылық көрсеткен. Қатты шуға қорыққан шабуылдаушы оқиға орнынан қашып кеткен.

«Қызымды бір құдірет құтқарып қалған болар. Ол барынша айқайлап, табанды түрде қарсылық көрсетті. Шабуыл жасаған адам шудан қорқып, қашып кетті. Ол әлі де қоғам үшін қауіпті. Бұл істің жабылып қалуына немесе жай ғана “бұзақылық” ретінде қаралуына жол бермейміз», – деп жазды қыздың анасы Threads әлеуметтік желісінде.

Оқиғадан кейін отбасы әлеуметтік желі арқылы күдіктіні іздеуге көмек сұраған.

Астана қалалық полиция департаменті күдіктінің жеке басы қысқа мерзімде анықталғанын хабарлады.

«27 жастағы ер адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді», – делінген полиция хабарламасында.

Бір қызығы, полиция бұл оқиғаны «ұсақ бұзақылық» ретінде бағалап, күдіктіні осы бап бойынша жауапкершілікке тартқан. Іс материалдары сотқа жолданған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар