Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қызыма жағылған күйені өшіріп, кінәлілердің жазаланғанын қалаймын»: 22 жасар қыздың жұмбақ өліміне қатысты тергеу қайта жанжанды (ВИДЕО)

17:34, 10 шілде 2026

Алматы қаласының құқық қорғау органдары осыдан екі жыл бұрын риелтормен кездесуге барып, төртінші қабаттың терезесінен жұмбақ жағдайда құлап қайтыс болған 22 жастағы Вероника Соколованың өліміне қатысты тоқтатылған қылмыстық істі қайта жандандырды, деп хабарлайды Alash.kz.

Бойжеткеннің анасы Любовь Соколова қызының бөлмесіндегі заттар мен суреттерге қарап көз жасын тыя алмай, жалғыз перзентінің өлімі суицид емес, нағыз кісі өлтірушілік екеніне сенімді екенін және қазіргі уақытта өз өмірі үшін де қатты қауіптенетінін жеткізді. Оның айтуынша, Вероника Алматыдан пәтер іздеп жүрген кезде риелтор жігіт оны кездесуге шақырып, кейін екеуі мейрамханада отырған, содан соң ер адам өзі жалдап тұратын пәтерді көрсетуге апарған. Трагедия орын алған пәтер ішінде не болғанын анасы тек әлгі жігіттің өз айтқандарына сүйеніп қана сипаттай алды.

Оқиғаның мән-жайы мен пәтерде болған жайттар туралы марқұмның анасы Любовь Соколова былай деп мәлімдеді:

«Олар пәтерге барған соң, интимдік қатынас үшін ақша төлеуге қалай келіскендерін білмеймін, бірақ ер адам оған ақша аударған кезде Вероника үйіне қайтуға жиналады. Жігіт оған ақша аударғанын айтып, қайда бара жатқанын сұрағанда, қызым ақшаны көрмегенін айтып, кетуге ыңғайланады. Осыдан кейін ол қызымның телефонын тартып алған. Кейін жігіт телефонды қайтарып беріп, есікті ашып, бар деген соң теріс бұрылып қараса, Вероника терезе алдында отырған көрінеді».

Осы оқиғадан бірнеше сағат өткен соң бойжеткеннің өлі денесі табылып, жедел жәрдемді көшеден өтіп бара жатқан бейтаныс адам шақырған. Ресми нұсқа бойынша ол 4-қабаттан құлаған, бірақ 22 жастағы бойжеткеннің басы мен оң аяғынан ауыр жарақаттар, денесінен қанталаған іздер, жыртылған жаралар мен сырылған жерлер анықталған. Анасының күдігін арттырған басты жайттар — қызының терезеден қолына ноутбук ұстаған күйі құлауы және пәтер ішінен қан жұққан сырғалардың табылуы болды. Бұл іс сотта бірнеше рет қаралып, кейін жабылып қалғанымен, анасының табандылығымен қайта жанданды, алайда осыдан кейін риелтордың адвокаты хабарласып, ақша ұсынғандықтан, жалғызбасты әйел өз өміріне қауіп төніп тұр деп есептейді.

Өзіне жасалған қысым мен қызының ақ өлімі үшін күресі жайлы Любовь Соколова былай деп күйінді:

«Олар қызын аяусыз өлтіріп кеткен ананы ақшамен сатып алмақшы ма? Бұл өте төмен қылық. Оларға менің де көзімді жоя салу түкке тұрмайды ғой… Егер мен болмасам, іс жай ғана тоқтатылады, қызым үшін күресетін ешкім қалмайды. Мен өлуден қорықпаймын, менің мұнда қалатын жөнім де, өмір сүруімнің мәні де қалмады. Мен тек қызымның үстінен «өзіне қол жұмсады» деген күйені өшіріп, кінәлілердің жазасын алғанын қалаймын».

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісімен қатар, Верониканы соңғы рет көрген жігіттің оның ұялы телефонын тартып алғаны үшін «Өзбетімен билік ету» бабы бойынша да сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Тергеудің барысы мен тағайындалған шаралар туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек былай деп мәлімдеді:

«Қазіргі уақытта кешенді, сот-медициналық және сот-биологиялық сараптамалар тағайындалды, олардың қорытындысы бойынша оқиғаның объективті мән-жайы анықталып, құқықтық баға берілетін болады. Қазіргі таңда бір фигурантқа қатысты кешенді жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр».

Қайғыдан қан жұтқан ана бұл іске басқа да адамдардың қатысы болуы мүмкін деп есептейді, өйткені трагедия орын алған пәтерден кімге тиесілі екені белгісіз төрт адамның саусақ іздері табылған және көршілері жиһаздың құлағанына ұқсайтын гүрсілдеген дыбысты естіген. Сонымен қатар, белгісіз жағдайлармен іс материалдарының ішінен Верониканың киімдері, фото және видеожазбалар іс-түзсіз жоғалып кеткен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар