Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қызылордадағы жантүршігерлік жағдай: Ер адам бастығын ұрып-соғып, екі саусағын шауып тастады

16:30, 13 маусым 2025 2164

Қызылордада кәуап пісіретін ер адам ескерту жасаған басшысының екі саусағын шауып тастады, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Қызылордада дәмханада жұмыс істеген кәуап пісіретін ер адам бастығын ұрып-соғып, ет шабатын балтамен оның екі саусағын шауып тастаған. Оқиғаға ер адамның тәртібі үшін жасалған ескерту себеп болған.

Белгілі болғандай, ер адамды ет және маринад дайындау үшін жұмысқа алған.

Алайда ол өз міндеттерін орындаудың орнына үнемі ішімдік ішіп, карта ойнап, жұмысынан жалтаратын болған. Көпбалалы ана болып табылатын дәмхана иесі оған ескерту жасағанда, мас күйінде болған жұмысшы кенеттен ет шабатын балтаны алып, әйелге соққы жасаған.

Нәтижесінде әйел екі саусағынан айырылды.

Қызылорда қалалық полиция басқармасы бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс Қызылорда облыстық ПД басшылығының бақылауында. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді», — деп мәлімдеді полиция департаменті.

Зардап шеккен әйелге медициналық көмек көрсетілуде. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалауда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар