Марқұм Нұрдәулет Мырзалының туыстарының айтуынша, жасөспірімнің ажалы кісі қолынан болған, деп жазады Alash.KZ.
«Түнде жоғары курс студенттері 1-курс студенттерін жаттығу залына алып барып, оларға қысым көрсетіп, күш қолданған», - дейді олар.
Соққыға жығылған жасөспірімнің қанға боялған денесін кейін бөлмесіне қайта апармақ болған.
Алайда бұл жағдайды басқа студенттер байқап қалып, шу шығарған.
Полиция мәліметінше, бір күдікті ұсталып, қамауға алынған.
«Қылмыстық іс шеңберінде жәбірленуші тараптың барлық уәжі тексеріледі. Бұдан бөлек, кәмелетке толмаған адамды қадағалауға міндетті мекеме қызметкерінің өз міндетін дұрыс орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», – дейді полициядағылар.