Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қызылордада жаңа туған нәресте дәрігерлер қолына түскеннен кейін күйіп қалды

10:18, 21 желтоқсан 2024 164

Қызылорда қаласында жаңа туған нәресте медициналық процедура барысында күйіп қалды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы ASTANATV-ға сілтеп. 

Ана мен бала орталығында жеткізілген баланың күйіп қалғаны хабарланды. Айгерім Әбілтаеваның айтуынша, бірнеше күн бұрын келінінің қан қысымы көтеріліп, Жаңақорған ауданынан облыс орталығына жеткізілген. Қалада дереу ота жасалып, бала кувезге жатқызылған.

Содан бері анасы өз перзентін көре алмаған. көре алмаған. Арада бірнеше күн өткеннен кейін жақындары баланың өкшесі қатты күйіп, іріңдеп кеткенін білген.

Нәресте өкшесінен қан талдаруын алу кезінде спиртке күйіп қалғаны бедгілі болды. Жақындары «дәрігерлер жансақтау бөлімінде жатқан шақалақтың жарақаты асқынғанша бейқам отырды» деп ашуланды. Оның болашағына да алаңдайтынын айтты. 

Масқара ғой. Гангрена мынау сары. Инфекция түскен ғой мынаған уже. Масқара. Мынаны қара 10 күндік баланы қалай қинап тастаған. Инфекция түскен мынаған.

Дәрігерлер баланың өте ауыр жағдайда туғанын айтады. Ал орын алған оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс жүргізілетінін жеткізді. Қазір баланың жағдайы тұрақты екенін жеткізді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар