Қызылорда облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды polisia.kz.
14 желтоқсан күні Қызылорда облысының Теренөзек-Қызылорда тас жолының 60/31 шақырымында КамАЗ бен бензовоз көліктері жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Апат салдарынан 4 адам көз жұмып, бір адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.
Орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.