Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қызыл империяның дауылынан шайқалмаған…»: Ринат Зайыт Мұхтар Шаханов жайында тебіреніске толы ой айтты (ВИДЕО)

20:54, 22 сәуір 2026

Түркістан облысының Отырар ауданында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның Еңбек Ері, ақын әрі жазушы Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды, деп жазады Alash.kz.

Қаралы жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен ақынның шығармашылығын қадірлейтін қалың жұртшылық жиналды. 

Ақынмен қоштасуға Парламент Мәжілісінің депутаты Ринат Зайыт арнайы қатысып, сөз сөйледі. 

«Шыншыл ақын бола білу - азаптың ең азабы. 

Сол азапқа төзе білу - ғажаптың ең ғажабы». 

Азапта төзе білген, Қазақтың жанын сезе білген. Қызыл империяның дауылынан шайқалмаған, Ешкімнен ешқашан да тайсалмаған Мұхаңның жатқан жері жайлы, топырағы торқа, жаны жәннатта болсын…

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар