4 наурыз күні таңертең Талдықорғанда (Еркін ауылы) ер адам гаражда көлігін оталдырып, қыздарын мектепке апармақ болған. Дәл сол сәтте қуатты жарылыс болды. Гараж толығымен қирап, үйдің бір қабырғасы да бүлінді. Бұл туралы Alash.kz Kopsoz.kz телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.
«Көлікті от алдырған сәтте жарылыс болды. Күйеуімді бірнеше метрге ұшырып жіберді. Қазір ол қолы мен аяғы қатты күйіп, ауруханада жатыр. Ал 12 жастағы қызымызды үйінді астынан таптық», – деді зардап шеккен азаматтың жұбайы.
Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар мен медицина қызметкерлері жетті. Жетісу облысы ТЖД мәліметінше, жарылысқа автокөліктегі газ жабдығының ақауы себеп болған.