Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қызметі өсті”: Айбек Смадияров жауапты қызметке тағайындалды

09:13, 15 желтоқсан 2025

Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz Ақорданың ресми парақшасына сілтеме жасап.

1983 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін тәмамдаған.

Мансап жолы:

2005 ж. – «Қазақстандағы Қытай банкі» АҚ Административтік департаментінің маманы

2006-2008 жж. – ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің маманы

2008-2010 жж. – ҚР СІМ Еуропа департаментінің атташе, үшінші хатшысы

2010-2012 жж. – Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде үшінші хатшы

2012-2013 жж. – ҚР Президентінің Баспасөз қызметінің сарапшысы

2013-2014 жж. – ҚР СІМ Сыртқы саяси сараптау мен болжамдау комитетінің бірінші хатшысы

2014-2018 жж. – Вьетнамдағы ҚР Елшілігінде екінші, бірінші хатшысы

2018-2019 жж. – ҚР СІМ Баспасөз қызметінің басшысы

2019-2023 жж. – ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – Баспасөз хатшысы

2023-2025 жж. – ҚР СІМ Коммуникациялар департаментінің директоры – Ресми өкілі

2025 жылдың наурыз айынан бастап – ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің Төрағасы – Ресми өкілі

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар